Дүниежүзілік банк Қазақстанның бизнеске қолайлы қаласын анықтайды
Іскерлік ахуалды кешенді зерттеуге Қазақстанның барлық өңірлері алғаш рет еніп отыр.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, Қазақстанның 2 қаласы мен 6 өңіріне зерттеу жүргізген еді. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Алматы, Ақтөбе және Қостанай бизнеске қолайлы қалалар болып танылды.
Жоспарланған зерттеу жұмыстары 4 индикатор бойынша жүргізіледі: кәсіпорындарды тіркеу, құрылысқа рұқсаттама алу, электр желілеріне қосылу және меншікті тіркеу.
«Зерттеудің екінші кезеңінде әдеттегі индикаторларды қарастырамыз, тек географиялық аумақты кеңейтеміз. 8 өңір қол жеткізген табыстарды зерттей отырып, жаңа қалаларды зерттемекпіз. Ондағы шектеулерге қатысты ұсынымдар береміз", - деді Дүниежүзілік банктің жеке сектор бойынша маманы Мұса Трао Астанада өткен таныстырылымда.