Дүниежүзілік банк мұнай бағасының болжамын барреліне 37-ден 41 долларға дейін өсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк 2016 жылғы өзінің мұнай бағасы болжамын барреліне 37-ден 41 долларға дейін арттырды. Бұл туралы ұйым хабарламасында айтылған, деп жазады Lenta.ru.

Дүниежүзілік банк мұнай бағасының болжамын барреліне 37-ден 41 долларға дейін өсірді

«Біз жыл ішінде энергия көздеріне баға жоғарылайды, деп күтеміз, өйткені мол ұсыныстар кезеңінен кейін нарықтағы тепе-теңдік қалпына келді», - деп атап өтті аға экономист Джон Баффес.

Дегенмен, оның пікірінше, егер ОПЕК өндірісті едәуір ұлғайтатын болса және ОПЕК-ке кірмейтін елдерде өндіріс күткендегідей жылдам төмендемейтін болса, энергия көздеріне бағалар мұнан да құлдырауы мүмкін.

Бейсенбі күні, 26 сәуірде Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 45 доллардан асты. Ал эталондық сорттың бағасы 45,8 долларды құрады.

17 сәуірде Катар астанасы - Дохада мұнай өндіруші елдер өкілдерінің кездесуі өтті. Тараптар көмірсутектерге бағаның одан әрі төмендеуіне жол бермеу үшін мұнай өндіруді шектеу туралы келісімге қол қояды, деп күтілген еді. Алайда мәміле жасалмады - Сауд Арабиясы Иранның қатысуынсыз қандай да бір құжатқа қол қоюдан бас тартты. Ал Ислам Республикасының өкілдері Дохаға келген жоқ.