16:02, 01 Қазан 2010 | GMT +5
Дүниежүзілік банк Пәкістанға 400 миллиондай доллар бөлді
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк Пәкістанға су тасқынының салдарын жою үшін 400 миллион доллардан астам қаржылай көмек бөлді, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Бұл қаржының төрттен үші азық-түліктер мен дәрі-дәрмектер, шатырлар, отын және зардап шегушілерге арналған техникалар жеткізуге жұмсалады.
Тағы 130 миллион доллар тасқын судың салдарынан зардап шеккен жолдарды қалпына келтіруге бөлінбек. Бұл сома Дүниежүзілік банктің Пәкістанға бөлгелі отырған бір миллиардтай несиесінің бір бөлігі ғана.
Нақтыланып жатқан мәліметтер бойынша, елде болған су тасқынының салдарынан 2 миллиондай үй зақымданған немесе толық қираған, 8 миллионнан астам адам босып кеткен.