Дүниежүзілік банк Ресейді астық экспортын тоқтатпауға шақырды

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк астық экспорттаушы елдерді бидай жеткізіліміне эмбарго енгізбеуге шақырды. Бұл шара азық-түлік бағасының жаңа жаһандық дағдарысына әкелуі мүмкін дейді сарапшылар.
None
None

Бірінші кезекте, Ресей туралы сөз болып отыр, онда бұрын-соңды болмаған ыстық пен құрғақшылықтың салдарынан өткен аптада ел үкіметі тамыздың 15-інен бастап жылдың соңына дейін бидай, арпа, қара бидай, жүгері және ұн экспортына тыйым салды. Бұл шара өз кезегінде әлемдік биржалардағы бағаның күрт өсуіне әкеліп отыр, себебі Ресей - әлем бойынша бидай экспорттаушы үшінші ел. Эмбарго туралы мәлімдемеден кейін бидайдың бағасы 12 пайыздан астамға көтерілген. Ал жалпы алғанда шілде айының басынан бері астық бағасы 68 пайызға қымбаттаған.

Кедендік бақылаудың жаңа жүйесінің енгізілуіне байланысты астық жеткізілімін кешіктіріп жатқан Украина да бұл жағдайға «өз үлесін» қосып отыр. Астықтың ірі импорттаушысы саналатын Мысыр, бағаның күрт өсуіне байланысты, Украинадан және Қазақстаннан астық сатып алуын уақытша тоқтатып отыр. Қытай, Үндістан және Пәкістандағы сел тасқыны да жағдайды ушықтыруда. Батыс басылымдары азық-түлік дағдарысы жақындап қалғанын айтып, жұртты дүрліктіруде.

Соңғы жаңалықтар