Дүниежүзілік банк Тәжікстанға 20 миллион доллар грант береді

НЬЮ-ЙОРК. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Дүниежүзілік банк Тәжікстанға даму саласындағы реформаларды қолдауға және жаһандық экономикалық дағдарыстың салдарын жұмсартуға 20 миллион АҚШ доллары көлемінде грант береді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл - Дүниежүзілік банктің жеке сектордағы, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қызметтерді дамытудағы реформаларды ынталандыруға арналған үшінші бағдарламалық гранты. Бұған дейінгі гранттар 10 және 12 миллион долларды құраған болатын.
Соңғы жаңалықтар