Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингінде Қазақстан 50-орынға тұрақтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингінде Қазақстан 50-орынға тұрақтады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингінде Қазақстан 50-орынға тұрақтады

«2013 жылдың қазан айында жарияланған Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингісі бойынша Қазақстан 3 тармаққа позициясын жақсартып, 189 елдің ішінен 50-орынды иеленді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Қазақстанның рейтингтегі позициясының жақсаруы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында компанияларды тіркеу уақытының азаюының есебінен, сондай-ақ, меншікті тіркеу рәсімдерін тездетіп енгізудің арқасында орын алып отыр.

«Сондай-ақ, Қазақстан жекеменшікті тіркеу және салық салу деңгейі бойынша 20 көшбасшылар қатарына енді», - деді Е.Досаев.