10:19, 04 Мамыр 2023 | GMT +6
Дүниежүзілік банктің жаңа президенті сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік банктің жаңа президенті болып үндістандық-америкалық кәсіпкер Аджай Банга сайланды. Бұрын ол ұзақ уақыт MasterCard компаниясын басқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
63 жастағы кәсіпкер бұл орынға жалғыз үміткер болды. Дегенмен, шешім бірауыздан қабылданбады: Ресей өкілі қалыс қалды.
Дәстүр бойынша Дүниежүзілік банк президенті Америка азаматы болады, оны АҚШ президенті ұсынады.
Банктің бұған дейінгі басшысы Дэвид Малпас қызметінен мерзімінен 1 жыл бұрын кетеді. Оның нақты себебі ресми айтылған жоқ.