Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті: Котто Альваресті жеңсе, Головкин WBC чемпионы атанады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман егер пуэрторикандық Мигель Котто мексикандық Сауль Альваресті жеңсе, қазақстандық Геннадий Головкин орта салмақ бойынша WBC жаңа чемпионы атанатынын жеткізді.
None
None

«Котто жеңсе, не болады?» деген сауалға ол: «Уақытша чемпионат ережелері уақытша чемпион мен чемпион қандай да бір себептермен жұдырықтасуға шықпай қалатын болса, онда уақытша чемпион чемпион атанады», деп жауап берді, деп хабарланған Вконтакте желісіндегі GGG парақшасында. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Коттоны орташа салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырды. Бұл жайт Коттоның WBC ережелерін орындаудан бас тартып, міндетті жарна төлемеуінен кейін орын алды. Еске салайық, Котто мен Альварестің арасындағы жекпе-жек 21 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Қазақстандық боксшы бұл шоуды барып тамашалауға ниетті.

Соңғы жаңалықтар