Дүниежүзілік бүйрек күніне орай Қазақстанда балаларды тегін тексеру ұйымдастырылып отыр

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін, наурыздың 11-і күні атап өтілетін Дүниежүзілік бүйрек күніне орай, Ұлттық медициналық холдинг Қазақстанның Нефрологтар қауымдастығымен бірлесіп бүйрек ауруларын анықтау мақсатында балаларды тегін тексеруді ұйымдастырып отыр.

Дүниежүзілік бүйрек күніне   орай Қазақстанда     балаларды  тегін тексеру ұйымдастырылып  отыр

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Ұлттық медициналық холдингтің баспасөз қызметінен хабарлады.

Дүниежүзілік бүйрек күні Халықаралық нефрологиялық қоғам (International Society of Nephrology) мен Бүйрек қорлары халықаралық федерациясының (International Federation of Kidney Foundations) бастамасымен жыл сайын, наурыздың екінші бейсенбісінде аталып өтеді.

Бұл күннің мақсаты - халықты бүйрек ауруы туралы кеңінен хабардар ету, ауруларды ерте диагностикалау болып табылады. Бұл күні балалар бүйректеріне УЗИ-диагностика, басқа да талдаулар жасата алады.