10:31, 10 Мамыр 2009 | GMT +5
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: А/H1N1 тұмауымен ауырудың 2 384 оқиғасы анықталды
ЛОНДОН. Мамырдың 10-ы. ҚазАқпарат – Дүниежүзі бойынша А/H1N1 тұмауымен ауырудың расталған оқиғаларының саны 2 384 фактіге жетті.

Британдық «Скай ньюз» телеарнасының ақпараты бойынша, бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлап отыр.Ұлыбританияда жаңа тұмаумен ауырудың 34 оқиғасы тіркелген, ал осыдан 1 апта бұрын бұл індеттің 5 оқиғасы ғана расталған болатын.