Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: А(H1N1) тұмауына қарсы вакцина қазан айында дайын болады

АСТАНА.   Тамыздың  19-ы.  ҚазАқпарат -  А(H1N1)   тұмауына     қарсы вакцина    2009 жылдың  қазан  айына қарай  дайын болуы  ықтимал. Танзанияға  жасаған сапарының барысында Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының басшысы Маргарет Чен  ханым    осындай болжамды   мәлім етті, 

Дүниежүзілік  денсаулық сақтау  ұйымы:   А(H1N1) тұмауына қарсы вакцина   қазан  айында дайын  болады

деп   хабарлайды ВВС телекомпаниясы.    Оның айтуынша,  қазір  медициналық препараттың  ықтимал өндірісшілерімен    келіссөздер жүргізіліп  жатыр.

Тамыздың 12-сіндегі  мәліметтер  бойынша, әлем бойынша адамдардың  А(H1N1)    тұмауын жұқтыруының   зертханалық        расталған   оқиғасы, аймақтық бюро  мәліметтерін қоса  есептегенде,  215 мың 90  фактіні  құрап  отыр,    оның 1 мың 735-і  - кісі  өлімімен аяқталды.