Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: A /H1N1 тұмауынан 700 адам қайтыс болды
ЖЕНЕВА. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде A /H1N1 тұмауынан ол тарай бастаған сәуірден және қазіргі уақытқа дейін 700 адам қайтыс болғанын бүгін мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып, қай елде болсын тиісті шара қабылдауға шақырды.
Бұл мәліметтер бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Алпхалук Бхатиасевимен болған баспасөз мәслихатында айтылды. A /H1N1 тұмауынан 429 адам қайтыс болғаны туралы алғаш рет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шілденің 6-сында хабарлаған болатын.