Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: адамдардың A (H1N1) тұмауымен ауру жағдайларының тіркелу саны әлемде 90 мың адамға жуықтады

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Соңғы екі аптада A (H1N1) тұмауы вирусының 12 мың 720 адамда бар екені зертханалық тұрғыда расталды. Осылайша, әлемде ресми ауырғандардың саны 89 мың 921 адамға жетті, олардың 382-сі қайтыс болды. Бұл жөнінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Ауырғандардың ең көп саны әдеттегідей АҚШ-та тіркелген. Онда 33 мың 902 дерек тіркеліп, оның 170-і қайғылы аяқталған. Вирус алғаш рет анықталған Мексикада 10 мың 262 адам ауырып, 119-ы қайтыс болған. Канадада, Чилиде және Ұлыбританияда тиісінше 7 мың 983, 7 мың 376 және 7 мың 447 деректер зертханалық тұрғыда расталды.

Соңғы жаңалықтар