20:51, 10 Тамыз 2010 | GMT +5
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы доңыз тұмауы пандемиясының аяқталғанын жариялады
АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - H1N1 немесе доңыз тұмауының әлемдік пандемиясынан зардап шеккен мемлекеттерде мектептер ашылды, бүкіл әлем халқын үрейлендірген аурудың беті қайтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары доңыз тұмауы пандемиясының аяқталғаны туралы ресми жариялады. Олар бұл ақпаратты бүкіл әлемнің түпкір-түпкірінен осы індетке байланысты жиналған статистикалық мәліметтерді өңдеу негізінде таратты.
Сөйтіп, өткен жылдың шілде айында пайда болған індет ресми аяқталды. Доңыз тұмауынан әлемде 18 адам мерт болды.