03:25, 13 Мамыр 2020 | GMT +6
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавируспен күресте Қазақстанды үлгі етті
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавируске қарсы күрес шараларына жоғары баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан – COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі», - деп жазды Клюге Twitter-де.
ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы елімізде коронавируске қарсы келесі шаралар атқарылып жатқанын атап өтті:
- күшейтілген бақылау;
- тестілеудің кең ауқымы, соның ішінде медицина қызметкерлерін;
- мәліметтерді цифрлық түрде жинақтау;
- профилактикалық шаралардың уақытылы жүргізілуі және науқастармен байланыста болғандарды қатаң бақылау;
- науқастарды емдеудің дұрыс тактикасы;
- зерттеудің жүргізілуі.