Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекінің бір орамы бағасын бес есе арттыруды ұсынды
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДДСҰ) Ресейдің денсаулық сақтау министрлігіне темекі акцизін 2020 жылға қарай жеті есе арттыруды ұсынды, деп жазады RBC Daily газеттің қарауына түскен ұйымның Ресейдегі арнайы өкілі Луиджи Миглиоринидің хатының көшірмесіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Лента.ру хабарлады.
ДДСҰ пікірінше, елде акциз мөлшерлемесі 1000 тал сигаретке 90 еуродан асуы тиіс. Егер Ресей бұл ұсыныстарды қабылдаса темекінің бір орамы орташа есеппен 238 рубль (қазір 46 рубль шамасында) болмақ. Миглиоринидің жазуынша, бұл шара бірден екі мәселені шешеді - темекі шегетіндер азаяды және бюджет түсімдері артады.
Ұйымның есептеуінше, мұндай сценарий акциздік түсімдерді 709 млрд. рубльге дейін ұлғайтады. Салыстыратын болсақ, 2012 жылы 182 млрд. рубль жиналды. Сонымен қатар темекі сату жылына 15,7 млрд. орамнан 6,6 млрд-қа дейін төмендейді, ал темекі шегетіндер саны - 12 млн. адамға қысқарады.
Алайда Қаржы министрлігі бұны қолай көрмей отыр. Ведомство Ресейге контрабандалық темекі ағыны қаптайды, ал бюджетті акциздік түсімдермен толтыру жайына қалады деп санайды.
Денсаулық сақтау министрінің баспасөз хатшысы Олег Салагайдың айтуынша, ДДСҰ-ның ұсынбалары ведомствоның оған қайтаратын жауабында ескерілмек.
Еске сала кетейік, Ресейдегі темекі қарсы заңға сәйкес 1 маусымнан бастап мейрамханаларда, дәмханаларда, мемлекеттік мекемелерде, қонақүйлерде, жоғары оқу орындарында, мектептерде, ауруханаларда, стадиондар мен пойыздарда, сондай-ақ метроға кіретін жерге 15 метр қашықтыққа дейін және алысқа жүзетін кемелерде тыйым салынған. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске тиісті түзету енгізілгеннен кейін азаматтарға оны орындамағаны үшін 1 мыңнан 1,5 мың рубльге дейін айыппұл салынбақ.