Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдерге «доңыз тұмауына» қарсы вакцина егуге кеңес беруде

АСТАНА.  Тамыздың  6-сы.  ҚазАқпарат -  Дүниежүзілік   денсаулық сақтау  ұйымы жүкті  әйелдерге   де A(H1N1)  тұмау вирусына қарсы вакцина егуге кеңес беруде, 

Дүниежүзілік   денсаулық сақтау  ұйымы жүкті  әйелдерге  «доңыз тұмауына» қарсы вакцина егуге кеңес беруде

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Ресейлік «Роспотребнадзор»   қызметінің   басшысы   Геннадий   Онищенконың           Ресей Федерациясының  субъектілеріндегі   ведомство басқармаларына  жолдаған Дүниежүзілік  денсаулық сақтау  ұйымының  «Жүкті әйелдердің арасындағы пандемиялық тұмау»    деп аталатын хатында осындай   мәлімет  бар.

Әзірге «Роспотребнадзордан»  жүкті әйелдерді иммунизациялау    жөніндегі    түсіндірме   түспеген.  Г.Онищенко  бұған дейінгі   мәлімдемесінде,   бірінші кезекте    балалар  мен    қарт адамдарға вакцина егілетінін    хабарлаған болатын. Вакцинация    қыркүйек  айында басталады.