Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жаңа басшы сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры болып Эфиопияның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Тедрос Аданом Гебреисус сайланды. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жаңа басшы сайланды

Женевада өткен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының 70-ші отырысында осындай шешім қабылданды.

«Эфиопия өкілі сайланды», - деп мәлімдеді дауыс беру рәсімінен хабардар адам.  Тілшілерге атын жария етпеуді сұраған адамның айтуынша, Гебреисуске 133 дауыс берілген, оған 50 делегат қана қарсы болған.