Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, 2010 жылға қарай қатерлі ісік адам өлімінің негізгі себебі болады

АТЛАНТА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат - 2010 жылға қарай адам өлімінің негізгі себебі қатерлі ісік ауруы болады, бұл індет жүрек-қан тамырлары дерттерін кейінге ысырып келеді.
None
None
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеушілері осындай пікірге келіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Сарапшылардың пайымдауынша, оның үстіне 2030 жылға қарай қатерлі ісіктен қайтыс болатындардың саны екі есеге көбеюі ықтимал. ДДҰ мамандарының пікірінше, ағымдағы жылдың өзінде қатерлі ісікке шалдығу оқиғаларының саны 12 миллионды құрайтын болады, ал ол індеттен көз жұматындардың саны 7 миллионға жетеді. 2030 жылға қарай онкологиялық ісікке шалдығу оқиғасы жыл сайын 27 миллионды құрап, ал індеттен қайтыс болу оқиғалары 17 миллионға жетуі мүмкін. Ассошиейтед пресс агенттігінің хабарлауынша, індет салдарының мұншалықты өршуіне ең алдымен, дамушы елдерде темекі шегетіндердің көбеюі себеп болып отыр, әсіресе, әлем бойынша барлық темекі шегушілердің 40 пайызы тұратын Қытай мен Үндістандағы жағдай қиын болмақ. Қатерлі ісік дамушы елдердің денсаулық сақтау саласындағы ең басты проблемалардың бірі болып табылады, деп санайды американдық клиникалық онкология қоғамының басшысы Дуглас Блэйни. Оның айтуынша, кедей елдерде адамдар ВИЧ, безгек, туберкулез сияқты аурулардан гөрі, қатерлі ісіктен көбірек қайтыс болады екен.
Соңғы жаңалықтар