Дүниежүзілік экономикалық форум аясында ҚР вице-премьері Давоста бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

ДАВОС. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ – Әлемдік саяси және іскер ортаның Давоста жиналған Дүниежүзілік экономикалық форумы аясында ҚР вице-премьері Ербол Орынбаев қаңтардың 29-ы мен 30-ы аралығында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қазақстанда алюминий шығаратын зауыт құрылысын салу туралы әңгіме вице-премьердің «Alkoa ink» және «Гленкор Интернешнл» компанияларының басшыларымен кездесуінде болды. Концессиялық жобалар мен мемлекет-жеке әріптестікті іске асыру тетіктері «Ferrovial SA» басшысы Рафаэль Дель Пиномен арадағы әңгіменің өзегіне айналды.Сауд Арабиясының «Sabic» негізгі салалар корпорациясының президенті Мұхаммед әл-Мадимен химия және тамақ өнеркәсібі салаларының жобалары жөніндегі мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, Ербол Орынбаев Халықаралық ауыл шаруашылығы федерациясының президенті Аджай Вашимен кездесті.
Соңғы жаңалықтар