Дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысы ТМД елдері муфтилерінің және діни қайраткерлерінің қатысуымен Астанада халықаралық конференция өткізуді ұсынды

Абдалла бен Абдель Мохсен ат-Турки бұл форумның 2010 жылды Мәдениеттер мен діндердің жақындасу жылы деп жариялау туралы қазақстандық бастаманы іске асыру аясында өтуі мүмкін деген пікір білдірді, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін қазанның 31-і мен қарашаның 4-і аралығында Сауд Арабиясы Корольдігінде сапармен жүрген қазақстандық делегацияны ҚР Парламенті Сенатының вице-спикері М.Көпеевтің басқарып барғаны хабарланған болатын.
М.Көпеев Қазақстан басшыларының атынан Дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысына ағымдағы жылғы шілдеде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезіне жеке өзінің қатысқаны үшін алғысын білдірді.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен конфессияаралық, өркениетаралық және мәдениетаралық келісімдерді нығайтуға бағытталған мұсылман әлеміндегі халықаралық ұйымға осы беделді ұйым тарапынан көрсетілген қолдаудың маңыздылығын атай отырып, вице-спикер қазіргі әлемдегі проблемаларды шешудегі диалогтардың тетіктерін одан әрі дамыту қажеттігін айтты.
Кездесуге сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Қ.Лама Шариф қатысты.