Дүниежүзілік кеден ұйымы Қазақстанның халықаралық тауар тасымалы тізбегіндегі үлесін жоғары бағалайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік кеден ұйымының төрағасы Қазақстанның тауарларды жеткізудің халықаралық тізбегіндегі үлесін жоғары бағалады, деп хабарайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен Дүниежүзілік кеден ұйымының төрағасы Кунио Микуриомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кедендік әкімшілендірудің озық тәжірибелері, сондай-ақ Қазақстанның кеден саласындағы жетістіктері талқыланды.

Сонымен қатар, Бельгия Корольдігінің кедендік әкімшілендіру тәжірибесі зерттелді, теңіз порттарын басқару бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды.

Кунио Микурия Қазақстанның тауарларды жеткізудің халықаралық тізбегіндегі, сондай-ақ Қазақстан жүргізіп жатқан кеден бекеттерін жаңғырту мен кедендік әкімшілендірудегі үлесін жоғары бағалады.


Соңғы жаңалықтар
Референдум