Дүниежүзілік кітап күнінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы 10 жылдығын атап өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұлттық ұғымға ұласқан кітапхана» деген тақырыппен ашық есік күндері өткізілуде. Шара кітапхананың құрылғанына 10 жыл толуына және Бүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күніне арналып отыр.
None
None

Салтанатты рәсім барысында оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері алдында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, академик Ғарифолла Есім, ҚР кітапханалары қауымдастыңының президенті Роза Бердіғалиева және өзге де қоғам және мәдениет қайраткерлері сөз сөйледі.

Ғ.Есімнің атап өткеніндей, «Ақпараттық технологиялар өзінің шырқау шегіне жеткенде, баспа кітаптарының маңызы кейінгі кездегідей зор болып қала бермек».

ҚР ҰАК алғашқы директоры Р.Бердіғалиеваның айтуынша, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев кітапхананы құру кезінде мұнда әлемнің ең заманауи технологияларын қолданып, бірінші кезекте АҚШ Конгресі кітапханасының тәжірибесін үлгіге алуды тапсырған.

Айта кетейік, кітапхана 20 мыңнан астам оқырманды қабылдайды. Мұнда әлемнің 52 тілінде түрлі салалар бойынша 860 мыңнан астам баспа және мультимедиалық кітаптардың бай қоры жинақталған.

Соңғы жаңалықтар