Дүниежүзілік көшпелілер ойындары: Фестивальден кейін 60 тонна қоқыс шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат -Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының Еріктілер қозғалысы «Кырчын» шатқалы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды kabar.kg.
Мұнда 4 - 7 қыркүйек күндері Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында «Көшпелілер әлемі» этно фестивалі өткен еді. Бұл туралы Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының хатшылығы хабарлады.
600-ге жуық адам - Ыстықкөл облысы мемлекеттік органдарының өкілдері және еріктілер таң атысымен тазалық жұмыстарын бастап кетті. Одан бөлек, тазалық жұмыстарына арнайы жинау техникасын пайдаланған муниципалды қызметтер де тартылды.
Тазалық жұмыстары біткен соң, Ыстықкөл муниципалды қызметтері «Кырчын» шатқалынан жиналған барлық қоқысты шығарды. Екі қоқыс жинау көлігі 10 рейс арқылы 60 тонна көлемінде қоқыс шығарды.