Дүниежүзілік мұнай кеңесінің мәжілісінде «Мұра» қоры бекітілді

АСТАНА.  3 қазан. ҚазАқпарат -  Астанадағы Дүниежүзілік мұнай кеңесінің мәжілісінде «Мұра» қоры бекітілді. Бұл туралы бүгін  аталған мәжілістен кейінгі баспасөз мәслихатында ДМК президенті Ринато Бертани мәлім етті.
None
None

Белгілі болғандай, аталған қор ДМК-ға мүше елдерде әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында құрылды. Қор білім беру бағдарламаларын, кәсіби дайындық және қайта даярлау бағдарламаларын жүзеге асырумен айналысады.  ДМК басшысының айтуынша, бүгінде қор қаржысы 200 мың еуроны құрап отыр.

Оның пайымдауынша, қордағы аталған қаржы алдағы уақытта бірнеше есеге артатын болады.

Соңғы жаңалықтар