Дүниежүзілік сауда орталығының шатырынан секірген үш адам
АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube-де кешқұрым Нью-Йорктегі жаңа Дүниежүзілік сауда орталығы кешеніндегі орталық ғимарат - Бостандық мұнарасының төбесінен парашютпен секірген үш жас жігіттің таңқаларлық түсірілімі шықты.
Ғимарат биіктігі 541 метр. Барлық «есерсоқ» батырлар тұтқындалды, деп хабарлады CNN.
Жүрек жұтқан үш америкалықтың бұл әрекеті өткен жылы қыркүйекте орын алған. Алайда, түсірілім Желіге енді ғана түсті. Көрермендерге Америкадағы ең биік ғимарат төбесінен секіріп келе жатқан адамдардың көзімен әлем қалай көрінетіндігін көрудің бірегей мүмкіндігі болды. Камера дулығасына бекітіліп түсірілген роликтің авторы тәжірибелі спортшы әрі өз ісінің маманы екені байқалып тұр.
Енді оларға қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Вести. ру.