Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының ашылуында неге Қазақстан туы болмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанда 44-ші дүниежүзілік шахмат олимпиадасы басталды. Айтулы доданың ашылу салтанатында еліміздің туы болмады. Осыған байланысты ҚР шахмат федерациясының баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейінгі олимпиадаларда спортшылардың шеруі болған жоқ. Әдетте, мемлекеттік ту олимпиаданың жабылу салтанатында жеңімпаздарды марапаттау сәтінде қажет. Биыл ұйымдастырушылар ту алып шығуды ұйғарған, бірақ делегацияны тиісті деңгейде хабардар етпеді», - деген жауап берілді федерациядан.

Сондай-ақ, шахмат олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстаннан басқа да елдердің тусыз шыққаны айтылған.

«Олимпиадаға қатысушы елдердің жартысынан көбіне мемлекеттік ту туралы ескертілмеген. Ал, кейбір мемлекет өкілдері шеруге мүлдем қатыспады», - дейді ведомстводан.

Айта кетсек, 44-ші дүниежүзілік шахмат олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан Республикасын халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік және халықаралық шебер Арыстанбек Оразаев таныстырды.

Ал, аталған додада еліміздің намысын ерлер мен әйелдер құрама командасы қорғайды.

Ерлер құрама командасы:

Ринат Жұмабаев

Мұртас Қажығалиев

Арыстанбек Оразаев

Қазыбек Нөгербек

Әлішер Сүлейманов

Әйелдер құрама командасы:

Жансая Әбдімәлік

Бибісара Асаубаева

Гүлісхан Нахбаева

Ксения Балабаева

Назерке Нұрғали


Соңғы жаңалықтар