Дүниежүзілік таэквондо орталығы қазақстандық федерацияны осы жекпе-жек өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін марапаттады

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Дүниежүзілік таэквондо орталығы (Оңтүстік Корея) қазақстандық федерацияны осы жекпе-жек өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін марапаттады.
None
None

Салтанатты рәсім өткен сенбі күні елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде өткен аталған орталық командасының жекпе-жек өнерін көрсету барысында жасалды.

Дүниежүзілік таэквондо орталығы командасының жетекшісі Ким Джунг-енг қазақстандық таэквондо орталығын құттықтай келіп, аталған награданың осы жекпе-жек өнерін насихаттауға зор үлес қосқан азаматтарға табыс етілетіндігін баса айтты.

Аталған құрмет грамотасымен ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, Таэквондо федерациясының президенті Шамсат Исабеков, «Қазақмыс» корпорациясы басқармасының төрағасы Эдуард Огай марапатталды.

Соңғы жаңалықтар