Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне арналған қоғамдық кеңестің отырысы өтті
АЛМАТЫ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы қаласының мейрамхана иелері темекіге қарсы заңнаманы бұзу бойынша алдыңғы орында келе жатыр.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне арналған қоғамдық кеңестің отырысында мәлім болды.
«Темекі түтінінен еркін Қазақстан үшін!» ұлттық коалициясының деректері бойынша, Қазақстанда темекіге қарсы заңнаманың орындалуы көңіл көншітпейді. Сауда орындарында бұл індетті ескерту мүлде орындалмайды. Атап айтқанда 10 дүкеннің екеуі ғана ескерту жар қағаздарды іледі. Ал мейрамхана иелері қоғамдық орындарында темекіге салған тыйымды дөрекі түрде бұзады. Мәселен «темекі тарту орындары» ретінде темекі шегушілер үшін тұтас залдарды жасап, өз аумағында сигарет жаңалықтарын ашық түрде жарнамалауға жол ашады.
Қазақстандық сигареттер балмұздақтан, тәттілер мен лимонадтан да арзан. Оларды әр мектеп оқушысы сатып ала алады, ал бұл елдегі темекі эпидемиясының бұдан арғы өсіміне «жол ашады» дейді коалиция өкілдері. Олар сондай-ақ, бюджет кірістілігінің тұрақты ұлғаюы және темекі бұйымдарына қолжеткізуін қысқарту құралы ретінде темекі акциздерін айтарлықтай жоғарылатуды ұсынуда. Қоғамдық кеңеске осындай өтінішпен шыққан коалиция темекіге қарсы заңнама нормалары бойынша мейрамхана иелері мен сауда орындары иелерінің ақпаратқа ие болуының жоғарылауындағы санэпид қызметінің атқарған рөліне Үкімет басшысының ерекше назар аударуына үндеуде.