Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылады

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Осы аптада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, 24 наурызда өткізілетін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None

«Туберкулезге қарсы күрес денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты болып табылады. Бұл салада проблема жоқ емес, бар. Дегенмен, туберкулезге қарсы күрес қызметі соңғы 5 жылында өкпе ауруына шалдыққан халық саны 34,9 пайызға төмендеп, осы дерттің салдарынан өлім деңгейі 57,4 пайызға төмендеп отыр», деді ресми өкіл.

2013 жылы еліміздегі өкпе ауруына қарсы күрес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесе отырып, «Әзірге тірі тұрғанымда, туберкулезді тоқтатыңдар!» атты бастамамен өзінің оң жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар