Дүниежүзінің мұрағаттарында қазақ тарихына қатысты беймәлім деректер жетерлік - Бауыржан Жақып

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы қоғам өміріндегі сенсациялық дүние ретінде бағалануы тиіс. Мұнда қазақ халқының тарихына мүлдем жаңаша көзқарас орныққан. Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары, ақын, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Бауыржан Жақып осындай пікір білдірді.
None
None

«Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қаншама істер жүзеге асты. Орыс, қытай, парсы, араб тілдерінде жазылып қалдырылған көптеген қазақ тарихына қатысты жәдігерлер жинақталып, кітап болып жарық көрді. Бірақ бұл әлі толық атқарылған іс емес. Дүниежүзінің көптеген мұрағаттары мен музейлерінде қазақ тарихына қатысты әлі көп беймәлім деректер жетерлік. Сондықтан «Архив -2025» жеті жылдық бағдарламасын жүзеге асыру арқылы бүкіл зиялы қауым өкілдері тарихымыздың ақтаңдақтарын ашуға мүмкіндік алып отыр», - дейді Бауыржан Жақып.

Сондай-ақ, танымал журналист «Дала фольклорының анталогиясын» жасауға Қазақстан Жазушылар Одағы тікелей араласатынан айтты.

«Көптеген ертегілеріміз бен лиро-эпостық жырларымыздың, батырлық жырлар мен мақал-мәтелдердің, аңыздар мен қиссалардың әлі де халық назарына ұсынылмаған, әлем оқырманына беймәлім   нұсқалары баршылық. Бұл істе Қазақстан Жазушылар одағы негізгі күш-қайрат көрсетуі керек. Түркологтардың дүниежүзілік конгресін 2019 жылы Астанада өткізудің нақты белгіленуі - көп жаңа ғылыми жүйелі істердің жүзеге асуына серпін берері сөзсіз», - дейді қаламгер.

Сөз соңында Бауыржан Өміржанұлы «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында көрсетілген жобалардың жүзеге асуы арқылы барша әлемге өзіміздің Ұлы дала Елі екендігімізді дәлелдейтін тарихи дамуымыздағы жаңа кезең басталып отырғанын атап өтті. Ол сондай-ақ, әрбір зиялы қазақ азаматы Елбасы мақаласындағы көрсетілген бағыттардың іс жүзіне асуына барынша қайрат көрсетіп, үлес қосуы керек деп санайтынын жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум