Дүниежүзілік банк: Биыл Өзбекстан экономикасы 6 пайызға өседі
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес, 2026 жылы Өзбекстанның ішкі жалпы өнім көлемі 6 пайызға өседі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Дүниежүзілік банктің баяндамасында жазылғандай, 2027 жылы көршілес ел экономикасының өсімі сәл баяулап, жылдық көрсеткіш 5,9% шамасында болады.
Бұған қарамастан, Өзбекстан, Қырғызстан (6,5%) және Тәжікстан (6,2%) Орталық Азия аймағындағы экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдердің қатарында қалады.
Бұл ретте, болжамға сай, биыл қазақстандық ішкі жалпы өнімінің өсімі 4,5% шамасында сақталады.
Еске салайық, былтыр 9 айдың қорытындысына сәйкес, Өзбекстанның жалпы мемлекеттік қарызы 75 млрд доллардан асты.
Сондай-ақ, 2025 жылы Өзбекстанның ішкі жалпы өнім көлемі тұңғыш рет 145 млрд доллардан асты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2026 жылы Өзбекстан үкіметі мемлекеттік бюджеттің 55% әлеуметтік салаға бағыттамақ.
Мұнымен бірге, Өзбекстан көлеңкелі экономиканың ішкі жалпы өнімдегі үлесін 29%-ға дейін төмендетуге ниетті.
Таяуда Өзбекстан экономикасының 8,3 млрд доллардан аса қаражаты көлеңкеде қалып отырғанын жазып едік. Осылайша, ол ішкі жалпы өнімінің 33,3 пайызына теңеліп отыр.