Дүниежүзілік банк Палестинаға келтірілген шығынды 14-20 млрд долларға бағалады
АСТАНА. KAZINFORM – Палестина аумағындағы әскери әрекеттердің салдарынан келген шығын 14-20 млрд долларды құрады. Бұл туралы Дүниежүзілік банк (ДБ) президенті Аджай Банга мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
Банга Reuters агенттігінің тілшілеріне берген сұхбатында «Дүниежүзілік банктің БҰҰ және ЕО-мен бірлесіп жүргізген бағалауына сәйкес» Палестинадағы мүлікке келтірілген залал қазір «14-20 млрд долларға жақын» екенін атап өтті.
«Бұл соғыстан болған экономикалық шығын көбінесе оның қаншалықты таралатынына байланысты. Егер ол таралмаса, бұл жаһандық экономикалық жүйеге аз зиян келтіруі мүмкін, өйткені Газа секторы мен Палестина жаһандық экономикаға салыстырмалы түрде аз үлес қосуда», - деп атап өтті ол.
Палестина мемлекетінің премьер-министрі Мұхаммед Мұстафа 12 қыркүйекте The Washington Post газетінде жарияланған мақаласында Газа секторындағы қираулар мен адам шығынының ауқымы бұрын-соңды болмаған жағдайға жеткенін атап өтті.
Оның пікірінше, қалпына келтіру халықаралық деңгейде орасан зор күш-жігерді қажет етеді.
Еуропалық кеңестің бұған дейін хабарлауынша, Брюссель Израиль қорғаныс күштерінің (IDF) БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштеріне (UNIFIL) жасаған шабуылдарына қатысты ерекше алаңдаушылық білдірді.
Осыған дейін Ливанның солтүстігіндегі ауылға жасалған соққыдан 20-дан астам адам қаза тапқаны туралы жаздық.