Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медалі таныстырылды

Медаль
Фото: ҚР Туризм және Спорт министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медалі таныстырылды. 

Оны V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров таныстырды.

Медаль қола қорытпасынан жасалған. Оның ортасында көшпелілер өркениетінің белгісі – ат үстіндегі Күнбасты адамның таңбасы бар. 

«Медальдің контуры ұлттық символымыз шаңырақ түрінде жасалған. Медаль таспасы ерекше, сердолик минералының түсі секілді. Онда Ойындардың өтетін орны мен уақыты көрсетілген естелік жазба бар», - деді спикер. 

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында өтеді және 21 спорт түрі бойынша 89 елден 2 500-ға жуық қатысушының басын қосады. Осындай айтулы іс-шара тек мәдени және спорттық мереке ғана емес, сонымен қатар балалардың құқығы мен инклюзиясы туралы негізгі мәселелерді алға бастыруға көмектесетін алаң болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алғандар қанша сыйақы алатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
telegram