Дуров тұтқындалғаннан кейін Астанада Telegram кеңсесі ашыла ма

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен Павел Дуров Францияда ұсталғаннан кейін Астанада Telegram кеңсесін ашылу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.  

Павел Дуров
Фото: Kazinform

- Астанада Telegram кеңсесін ашу компанияның өз шешіміне байланысты, - деп мәлім етті министрліктен.

Сондай-ақ Astana Hub жетекші технопарк ретінде кеңсені ашуға қажетті инфрақұрылымдық қолдау көрсеткені аталды.

Telegram кеңсесі ашылатын болса ондағы жұмыс орындарының саны компанияның бизнес стратегиясына байланысты болмақ.

- Қазақстан жоғары білікті мамандарға қолжетімділік пен бәсекеге қабілетті жұмыс жағдайларын ұсына отырып, халықаралық IT-компаниялар үшін қолайлы ортаны қалыптастырып келеді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Павел Дуров 2024 жылы 24 тамызда Париждегі Ле Бурже әуежайында балаларға қарсы қылмысқа, есірткі саудасына және алаяқтыққа қатысы бар деген айыппен ұсталған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар