17:59, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
Дұрыс тамақтану - рак дертінің алдын алу
АЛМАТЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Рак дертінің алдын алуда дұрыс тамақтанудың әсері зор.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біздің өмірімізде рак өлімің екінші факторы болып табылады. Соның ішінде рактан көз жұму салдарларының 60 пайызы тағамды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты болып отыр. Соның ішінде фаст-фуд тағам түрлерімен үнемі қоректенетін адамдардың 40 пайызы ракқа душар болады екен. Десек те ғалымдар кейбір тағам түрлерінің, әсіресе, көкөністердің қатерлі ісік ауруын ескертетін фактор болып табылатындығын айтады. Ал белгілі бір норма бойынша пайдалану алдын алуға септігін тигізеді. Сондықтан тағам түрлерін ескерту факторы ретінде қолдана отырып, денсаулықты нығайту қажет», - дейді Т. Шарманов.