Душанбе қаласының басым бөлігі сусыз қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан астанасының басым бөлігі Барзоб өзені арнасынан шыққан лай судың салдарынан ауыз сусыз қалды, деп жазады РИА Новости.
«Судың лайлануына байланысты тұтынушылардың қауіпсіздігі мақсатында сенбі күні таңертеңнен бастап Душанбе тұрғындарына су беру шектелді»,-деді журналистерге денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы мемлекеттік санитарлық қызмет басшысы Холмахмад Назаров.
Оның сөзіне қарағанда, Исмоили Сомони ауданы түгелдей, Сино, Шохмансур және Фирдауси аудандары ішінара сусыз қалған.