Душанбе-Мәскеу пойызынан 80 килә героин табылды
МӘСКЕУ. Тамыздың 27-сы. ҚазАқпарат - Душанбе-Мәскеу пойызынан 80 килә героин табылды және алынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РАТА-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Есірткілер Астрахань облысындағы «Ақсарай» кедендік бекетінде пойызды қарау кезінде табылған. Полиэтилен қалталарына салынған героин насыбаймен бірге 22 қапқа жасырылған. Алдын ала деректер бойынша героин Ауғанстанда шығарылған.
Есірткінің табылу фактісі бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.