«Душанбе-Мәскеу» пойызында бір әйел героинмен ұсталды
АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - «Душанбе-Мәскеу» пойызында бір әйел героинмен қолға түсті,
деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Есірткі тасымалдаушыны құрықтау 30 қаңтар күні ҚР ҰҚК шекара қызметінің «Батыс» аймақтық басқармасының шекара қызметкерлерімен жүзеге асырылды.
«Душанбе-Мәскеу» пойызында Тәжікстан Республикасының азаматшасы құрықталды. Тінту кезінде оның жеке заттарының арасынан жалпы салмағы 865 грамм героин есірткісі табылды», - делінген таратылған ақпаратта.
Комитеттің баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, аталмыш факті бойынша тергеу жүріп жатыр.