Душанбеде Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш тақта орнатылады

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Ғылым академиясының президенті Фарход Рахимимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Душанбеде Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш тақта орнатылады

Елшілік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сейтімов кездесу барысында Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дамуының негізгі басымдықтары жайында кеңінен сөз қозғады. Сонымен қатар Қазақстандағы билік тармақтары  арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі мазмұнымен таныстырды.

null 

Әңгімелесу барысында тараптар екі ел ғалымдарының ғылыми маңызды ортақ зерттеулері жайында пікір алмасты. Осы орайда Рахими Тәжікстанның астрофизика және сейсмология саласында үлкен тәжірибесі бар екеніне назар аудартты.

null 

Ал Қазақстан Елшісі әйгілі геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалаушы, Тәжік КСР Ғылым академиясының тұңғыш құрметті мүшесі Қаныш Сәтбаевтың Тәжік КСР Ғылым академиясын ашуға тікелей атсалысқанын баса айтты. Сондықтан Сейтімов Фарход Рахимиге бауырлас мемлекеттің жас ұрпақтары академик Қаныш Сәтбаевты мәңгі есте сақтауы үшін Тәжікстан Ғылым академиясы ғимаратына ғалымның ескерткіш тақтасын орнату туралы ұсыныс жасап, ол қолдау тапты.

null 

Сұхбат соңында қазақстандық дипломат Фарход Рахимиге кездесу үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Тәжікстанның ғылым саласындағы ынтымақтастығының одан әрі нығаюына сенімін білдірді. 

null