21:58, 15 Шілде 2024 | GMT +5
Душанбеде Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының отырысына дайындық пысықталды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстанның Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Султон Рахимзодамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Душанбеде өтетін Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдағы 18-ші отырысына дайындық мәселелерін, сондай-ақ Үкіметаралық комиссияның алдыңғы отырысында қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту, екіжақты тауар айналымын арттыру үшін әртүрлі салаларда бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету, сондай-ақ инвестиция саласындағы іс-шараларға қатысу мәселелері қозғалды.