Душанбеде өтетін Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды

дзюдо
Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM — 3-5 мамыр күндері Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтетін дзюдодан Grand Slam турнирінде ел намысын қорғайтын ерлер құрамасы белгілі болды.

Аталған сында Қазақстан ерлер құрамасынан жеті салмақта 13 татами шебері сынға түседі.

Олар:

60 келі: Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев
66 келі: Еламан Сұлтанбай, Алмас Ғалымов
73 келі: Дастан Шаяхметов, Дархан Қойбағар
81 келі: Абылайхан Жұбаназар
90 келі: Аян Байғазы, Дидар Хамза
100 келі: Ислам Бозбаев, Нұрлыхан Шархан
+100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық дзюдошылар аралас командалық сында қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал жекелей сында Ғалия Тынбаева, Есмигүл Құйылова, Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар