Душанбеде ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан астанасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысы жұмысын бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Ховар агенттігіне сілтеме жасап.

Душанбеде ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы басталды

ТМД Атқару комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыста экономикалық, гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ ынтымақтастықтың басқа да салаларындағы өзара ықпалдастықты нығайтуға бағытталған 14 мәселе қаралмақ.

Кеңейтілген құрамдағы отырыста Энергетиканы инновациялық дамыту және алдыңғы қатарлы энергетикалық технологияларды шығару саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасына, Кезек күттірмейтін шараларды іске асыру жоспарына, ТМД-ға мүше мемлекеттердің интеллектуалдық меншік нарығын қалыптастыру мен дамыту туралы келісімге қол қою жоспарланған.

Бұдан тыс, Кеңес отырысының қатысушылары электронды және электротехникалық қондырғылардың қалдықтары; мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттар; кедендік, инновациялық салалардағы ынтымақтастыққа қатысты құжаттарды талқылайды. 2025 жылға дейінгі мерзімге арналған Құтырудың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі бірлескен қимылдар кешені қабылданады.

«Гуманитарлық блок» аясында Үкімет басшылары кеңесінің отырысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Оқытушылар және білім беру саласы қызметкерлерінің съезі туралы ереже және «ТМД үшін 100 идея» Халықаралық жастар жобасы қаралады.

Сондай-ақ ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысында қаржы және кадрлар мәселелеріне қатысты бірқатар шешімдер қабылдануы жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, ТМД төрағалығы Тәжікстанға 2018 жылғы 1 қаңтарда берілген болатын.