16:41, 23 Тамыз 2010 | GMT +5
Душанбенің орталығындағы тергеу абақтысынан қамаудағы 25 адам қашып кетті
АСТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат - Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті дүйсенбі күні таңертең Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің тергеу абақтысынан қамаудағы бір топ қарулы адамның қашып кеткендігі туралы ресми мәлімдемеде жасады, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Қашқындарды тұтқындау үшін құрылған жедел штабты Тәжікстанның ішкі істер министрі Абдурахим Каххаров басқаруда.
Тұтқындар қашып кеткен тергеу абақтысы ел президенті Эмомали Рахмонның үйіне жақын, Душанбенің дәл ортасында орналасқан.
Қашып кеткен азаматтардың арасында Ресей және Ауғанстан азаматтары бар болғандықтан, Тәжікстан билігі Мәскеу мен Кабулға қашқындарды ұстауда бірлесе іс-қимыл жасау туралы ұсыныс білдірді.