Дүйсен Қасейінов дәстүрлі музыка және би халықаралық ұйымының елшісі атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Дүйсен Қасейіновті дәстүрлі музыка және би бойынша халықаралық ұйымының (ICTMD) халықаралық кеңесінің елшісі етіп сайлады.

2025 жылдың 11 қаңтарында Жаңа Зеландияның Веллингтон қаласында өткен дәстүрлі музыка және би жөніндегі халықаралық кеңесінің (ICTMD) 47-ші дүниежүзілік конференциясының Бас ассамблеясының отырысында ұйымның басшылығы мен атқарушы кеңесінің сайлауы өтті. 70 елден келген 47-ші дүниежүзілік конференцияға қатысушылардың назарын атқарушы кеңестің ұйым басшылығының құрылымына «ICTMD елшісі» жаңа мәртебесін енгізу туралы шешім қабылданды.
Бұл құрметті мәртебе кеңестің мақсаттарын ілгерілетуге елеулі үлес қосқан, мәдени мұраны сақтау және насихаттау үшін жұмыс істейтін және халықаралық аренада ICTMD дамуының перспективалық жоспарларын ұсынатын танымал мәдениет және өнер қайраткерлеріне беріледі.
«Дүйсен Қасейіновтің басшылығымен ТҮРКСОЙ бірқатар маңызды іс-шараларды өткізуге қолдау көрсете отырып, ICTMD стратегиялық серіктесі болды. Ұйымның 43-ші дүниежүзілік конференциясы (2015, Астана); ISME 33-ші дүниежүзілік конференциясы (2018, Баку), халықаралық конференциялар, дәстүрлі музыка симпозиумдары мен фестивальдері. Жан-жақты көпжылдық қызмет халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми жобаларды қолдауға, түркі халықтарының мәдени мұрасын сақтауға және оны әлемдік мәдени кеңістікте танымал етуге бағытталған ICTMD мақсаттары мен миссиясын ілгерілетуге елеулі үлес қосты, - деді ICTMD президенті Сванибор Петтан (Словения).
Д. Қасейіновтің кандидатурасын атқарушы кеңес пен конференция қатысушылары бірауыздан қолдады. Оның ICTMD елшісі лауазымына сайлануы Қазақстанның және ТҮРКСОЙ-ға мүше басқа елдердің мәдениет пен өнер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды.
Еске сала кетсек, 2017 жылы Дүйсен Қасейінов ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы болып қайта сайланған еді.