Дүйсенбіде 1 ауысымдағы көкшетаулық оқушылар қашықтан оқиды
Қатты аяздың болжануына байланысты Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы барлық оқушы онлайнға көшірілді, деп хабарлайды Kazinform.
«Ауа температурасының минус 35 градусқа төмендеуіне байланысты 11 желтоқсанда Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өткізіледі», - делінген қалалық білім бөлімінің мәліметінде.
Еске салайық, жұма, 8 желтоқсанда да Көкшетау мектептерінде бірінші және екінші ауысым оқушылары қашықтан оқыды.