07:42, 13 Ақпан 2017 | GMT +6
Дүйсенбі күні ел аумағында тұман мен көктайғақ күтіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 ақпан күні ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, тұман, көктайғақ болады, тек республиканың батысы мен солтүстігінде күн жауын-шашынсыз өтеді.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Алматы, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұман мен көктайғақ болады.