Дүйсенбі күні елдің оңтүстігінде күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Елдің тек оңтүстігінде ғана күн ашық.

Дүйсенбі күні елдің оңтүстігінде күн ашық болады

Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» мекемесінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Кейбір жерлерде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желді күші секундына 15-20 метр болады. .

Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 метр секундқа жетеді. Батыс Қазақстан облысына жел күшейеді. Атырау облысында күндіз және түнде кейбір аймақтарда тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.