Дүйсенбі күні елімізде ауа сапасы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 8 қазан күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің екі қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні елімізде ауа сапасы қандай болады

Атап айтқанда, Алматыда метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың ыдырауына әсер етеді. Ал Атырау мен Талдықорғанда ауаға зиянды заттар шоғырланатыны күтілуде. Ал қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болатыны болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.