Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болады және жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
None
None

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ желдің күші секундына 18-23 метрге дейін жетеді, күндіз 15-20 метр болады, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Екпіні секундына 30 метрге дейін соғады.

Павлодар, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні секундына 23-28 метр болады. Кей жерлерде секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Павлодар облысында боран соғады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде боран болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні секунына 25 метрге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында тұман түсуі ықтимал. Жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында көктайғақ болады.

Ақмола, Қостанай облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар